
Өңірде онкологиялық ауруларды ерте анықтауға бағытталған скринингтік бағдарламалар кеңейтіліп жатыр.
Бұған дейін сүт безі, жатыр мойны және тоқ ішек обырына жүргізілген скринингке енді өкпе обырын ерте анықтау бағыты қосылды, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Өкпе обырын алдын ала анықтау үшін төмен дозалы компьютерлік томография қолданылады. Бұл әдіс сәулелік жүктемені азайта отырып, өкпедегі өзгерістерді дәл анықтауға мүмкіндік береді.
Онколог Қазмұқан Ғабдісәлімнің айтуынша, бұрын өкпе обыры флюография арқылы анықталатын. Онда қара дақ байқалса, қосымша тексерулер жүргізілетін. Ал жаңа әдістің ерекшелігі – сәулелік жүктеме әлдеқайда аз, сонымен қатар өкпедегі барлық өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге онкологиялық зерттеулердің нәтижесін алу мерзімі де белгіленген. Ісіктің ерекшелігін анықтайтын зерттеулердің басым бөлігі 14 жұмыс күні ішінде жүргізілуі тиіс. Ал күрделі жағдайларда қолданылатын NGS зерттеулеріне 60 жұмыс күніне дейін уақыт беріледі.
Зерттеу нәтижелерінің медициналық ақпараттық жүйеге автоматты түрде енгізілуі дәрігерлерге диагнозды дер кезінде қойып, емдеу тактикасын анықтауға мүмкіндік береді.
В Атырау +29.4