Атырау, 27 тамыз 17:46
 дождьВ Атырау +28.8
$ 458.87
€ 535.09
₽ 5.42

​Атырауда өңірдің үздік спортшылары мен бапкерлері марапатталды

Бейнежазба
62 рет қаралды

Атырау облысында Спорт күні қарсаңында өңірдің дене шынықтыруы мен спортын дамытуға үлес қосқан мамандар ұлықталды. Салтанатты шараны облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов өткізіп, салтанат иелеріне ҚР Туризм және спорт министрлігінің ведомстволық марапаттары мен құрметті атақтарын табыстады.

Ведомстволық төсбелгілер мен атақтарды алғандар:

  • «Еңбек ардагері» — Ерболат Бисекенов (бокстан спорт ардагері);
  • «ҚР Дене шынықтыру және спортын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» — Құрманбай Әшетов (тоғызқұмалақтан бапкер) және Нұрберен Әміржанов (облыстық муайтай федерациясының президенті);
  • «ҚР Спорт саласының үздік қызметкері» — Ерсін Болатов (сурдодзюдо бөлімінің бапкері);
  • «ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» — Мерей Қаштенбай (ММА-дан бапкер);
  • «ҚР Еңбек сіңірген спортшысы» — Нұрлан Домбаев (паратхэквондо бөлімінің спортшысы).

ҚР Туризм және спорт министрінің Құрмет грамотасымен марапатталғандар:

  • Рашид Құлбаев — Олимпиадалық резерв даярлау орталығының директоры;
  • Саят Тәжіғұлов — Олимпиадалық спорт түрлері бойынша спорт клубы директорының орынбасары;
  • Жандос Тілекбаев — Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қазақ күресі бөлімінің бапкері.

Құттықтау сөзінде облыс әкімінің орынбасары әрбір биік нәтиженің артында Қазақстанды халықаралық аренада танытып жүрген спорт ардагерлерінің, тәлімгерлер мен спортшылардың жылдар бойғы қажырлы еңбегі тұрғанын атап өтті.


Бүгін, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.