
Полиция әлеуметтік желіде тараған ақпаратты растады: ұстау шарасы 25 тамызда сағат 16:25 шамасында орын алған.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Тасқалада түсірілген видео тараған болатын. Бейнежазба авторлары бойжеткендердің есірткі «жасырып жатқан» жерінен ұсталғанын алға тартқан. Кадрларда олардың бірінің жанында полиция қызметкерлері жүргені көрінеді.
Атырау облысы Полиция департаментінде дәл не нәрсе және қанша мөлшерде табылып, тәркіленгені нақтыланған жоқ.
Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Олардың қорытындысы бойынша процесуалдық шешім қабылданады.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау +24.9