
Қазақстан ұлттық құрамасының 26 жастағы шабуылшысы Ислам Чесноков бір күнтізбелік жыл ішінде үш түрлі елдің клубында ойнап, отандық футбол тарихында сирек кездесетін көрсеткішке қол жеткізді. Бұл туралы «Дядя Ваня» телеграм-арнасы хабарлады.
Спортшы жыл басында Шотландияның «Харт оф Мидлотиан» клубында бағын сынап, 11 матчта 1 гол соқты. Ал маусым айының соңында туған клубы Қостанайдың «Тобылына» оралып, УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңінде Литваның «Паневежис» және Сербияның «Партизан» ұжымдарына қарсы ойындарға қатысты. Ал тамызда Самараның «Крылья Советов» клубы оны 2026 жылдың соңына дейін жалға алғанын жариялап, жақында ол Ресей Премьер-Лигасында «Акронға» қарсы ресми дебютін өткізді.
ФИФА регламентіне сәйкес, ойыншы бір маусымда ең көбі үш командада ғана өнер көрсете алады. Осылайша Чесноков биылғы ауысу лимитін толық пайдаланды. Әлемдік футбол тарихында мұндай прецеденттер бар, мәселен, 2000/2001 жылғы маусымда британдық Тони Котти бірден төрт түрлі клуб сапында алаңға шыққан болатын.
В Атырау +30.4