Атырау, 25 қараша 12:07
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сталинді пір санаған

3 886 просмотра

Иосиф Сталинді пір санайтындар әлі де бар. Әсіресе, екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар немесе тылда еңбек еткендер «көсемге» тіл тигізгендерді ашық жақтырмайды.  Аққала селосының тумасы Қабден Жаймақов қарт көсемнің бюстісін өз ауласының төрінде «ұстап» отыр.

Бұдан бірнеше жыл бұрын, яғни Кеңестік үкіметтің қылышынан қаны тамып тұрған кезде Қабден қарт батылдық танытты. Қоқысқа лақтырылып тасталған Сталиннің бюстісін көргенде көкірегі қан жылап, қоқыс маңынан айналсоқтап шықпай қойыпты. Көп қоқыстың ішінде жатқан «бейнені» азат етудің жолын қарт қарастыра бастаған болатын. Өздігінен әкете алмайды, мыстан құйылған мүсінді алып кету үшін көптің көмегі де, техника да қажет. Бастапқыда бұл ойын білгендер қорыққаннан қашқақтағандары рас. Бірақ тіл тапқыш Қабекең ақыры бюстіні ту‑у бір селодан өз үйіне әкеліп алады. Оны бірден қорасына салып тығып қояды. Содан жылдар жылжи бастаған. Енді «көсемді» жарыққа шығару ғана қалды. Сол оймен сол кездегі Индер ауданының бірінші хатшысы Болат МАЙДЫРОВҚА  бармай ма. Хатшы алғаш естігенде шалқасынан түсе жаздайды, бір жағынан сөзі орнықты, ұстамды Қабекеңнің көңілін тағы қимайды. «Ойланамын» дейді. Бірақ хатшы тым‑тырыс, не рұқсат жоқ, не көзін жой деген тапсырма да жоқ. Бірнеше айдан кейін аққалалық қарт мойымай, хатшыға аяқтай тағы барады. Енді өзің біл, жауапкершілік өзіңде деген сыңайды білісімен И.Сталиннің бюстісін өз ауласының төріне тұғыр етіп орнатады. Бүгінде айналасында тал, терек өсіп, жан‑жағы ұқыпты жиналған. Сексеннің төртеуіне шығатын Қабден қарт соғысқа тікелей қатыспаса да шет жағын көрген кісі. Соғыстан кейін ауылды қалпына келтіру жолында еңбек еткен, отбасылы, ұрпағы жайылған шаңырақ.

‑ Жеңіс күнінде ауылдастарым, тіпті жастар жағы да келіп Сталиннің қасында шейіт болған боздақтар үшін ішіп, сыралататынымыз бар. Мұртты көсем біз үшін бөлек жан, еңбегін жоққа шығаруға болмайды ғой. Тарихта ізі қалған. Кім не десе о десін, бәрібір оны адамдар жақсы көреді,‑дейді аққалалық Қабден Жаймақов.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Суретті түсірген автор      

4 мамыр 2011, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.