
«Атырау» футбол клубы маңызды кадрлық өзгерістер күтілуде. Қазіргі бас бапкер Владимир Чебурин қызметінен кетуі мүмкін деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Kommentator_Maulen.
Дереккөздердің хабарлауынша, команданы Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Самат Смақов басқаруы ықтимал. Сонымен қатар клуб басшылығында да өзгерістер болуы мүмкін екені айтылды.
Спорт журналисі Елдар Аманбаевтың мәліметінше, Смақов ертең Атырауға ұшып келіп, «мұнайшылармен» келісімшартқа қол қояды. Егер жоспар өзгермесе, ол Қазақстан премьер-лигасының келесі турындағы «Ақтөбеге» қарсы ойында командаға бровкадан жетекшілік етеді.
Әзірге «Атырау» клубы Чебуриннің кетуі немесе Смақовтың тағайындалуы туралы ресми хабарлама жасаған жоқ. Ақпарат алдын ала сипатқа ие.
В Атырау +34