Атырау, 30 шілде 10:47
 дождьВ Атырау +26.9
$ 477.17
€ 543.26
₽ 6.01

Анарбеков тағы да «Қайратты» құтқарды: алматылықтар пенальти сериясында жеңісті жұлып алды

Бейнежазба
66 рет қаралды

«Қайраттың» голкипері Темірлан Анарбеков пенальти сериясында екі соққыны қайтарып, алматылық ұжымға Чемпиондар лигасының екінші квалификациялық раундында кипрлік «Омониядан» өтуге көмектесті.

Қарымта кездесу Алматының Орталық стадионында өтті. Түзде 0:1 есебімен жеңілгеннен кейін қазақстандық клубқа есепті теңестіру қажет болды.

26-минутта «Омонияның» шабуылшысы Андроникос Какуллис тікелей қызыл қағаз алды. Көп ұзамай алаңға алмасуға шыққан Эдмилсон баспен соққы бағыттап есеп ашты және екі матчтың қорытындысы бойынша таразы басын теңестірді.

«Қайрат» ойынды толық бақылауда ұстап, қарсылас қақпасына 40-қа жуық соққы бағыттағанымен, басымдықты арттыра алмады. Қосымша уақытта Сену Кулибали алаңнан қуылғаннан кейін кипрлік команда тоғыз ойыншымен қалды.

Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Анарбеков Балковец пен Панайотудың соққыларын қайтарды, ал «Қайрат» 6:5 есебімен жеңіске жетті. Екі кездесудің қорытындысы бойынша текетірес есебі — 1:1.

Чемпиондар лигасының үшінші квалификациялық раундында алматылықтар болгариялық «Левскимен» кездеседі.

Бұған дейін атыраулық қақпашы Темірлан Анарбеков шотландиялық «Селтикке» қарсы матчта үш пенальтиді қайтарып, «Қайраттың» клуб тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуын қамтамасыз етіп, қазақстандық футболдың қаһарманына айналған болатын.

Бүгін, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.