Атырау, 9 шілде 16:23
 снегВ Атырау +23.8
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11

«Каталкамен әкеліп, үйіне қайтарды»: Атырау тұрғыны ауруханаға шағымданды

180 рет қаралды

Атырау тұрғыны Арайлым Молдасыхова облыс әкімдігіне шағым түсірді. Ол өзінің жүкті туысына облыстық ауруханада қажетті медициналық көмек көрсетілмегенін айтты.

8 шілдеде 34 апта 3 күндік жүктіліктегі Аққу Мыразаева жедел жәрдем көлігімен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілген.

Шағым авторының айтуынша, әйелдің жамбас тұсында жүйке қысылып, қатты ауырсыну пайда болғандықтан ол өздігінен жүре алмаған. Сол себепті ауруханаға каталкамен кіргізілген.

«Қатты ауырсынғанына қарамастан, дәрігерлер оның жағдайын “шыдауға болатын ауырсыну” деп бағалап, ешқандай ем тағайындамаған және жүкті әйелді үйіне қайтарып жіберген. Ол жылап, айқайлап тұрғанына қарамастан қажетті медициналық көмек көрсетілмеген», — делінген шағымда.

Туыстарының айтуынша, әйелді көлікке өздері отырғызып, үйіне апаруға мәжбүр болған.

Арайлым Молдасыхова өз шағымында облыстық аурухана дәрігерлерінің әрекетіне қызметтік тексеріс жүргізуді, заң тұрғысынан баға беруді және мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін шара алуды сұрады.

Редакция Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық аурухананың ресми түсініктемесін күтеді. Медициналық мекеменің бұл жағдайға қатысты ұстанымы әзірге белгісіз.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.