
«Атырау» футбол клубы жаңа легионермен келісімшартқа қол қоюға жақын. «Мұнайшылардың» сапын хорват орталық қорғаушы Франьо Прце толықтыруы тиіс, деп хабарлайды Aman Vibe телеграм-арнасы.
Белгілі болғандай, атыраулық клуб басшылығы 30 жастағы хорват футболшысын алуға қатысты келісімді аяқтауға жақын. Қазір тараптарға тек трансфердің соңғы заңдық мәселелерін реттеу қалған. Ресми түрде келісім осы аптада жариялануы күтілуде.
Қазақстандық жанкүйерлер Франьо Прцені жақсы біледі. Өткен маусымда ол Көкшетаудың «Оқжетпес» клубының намысын қорғап, Қазақстан Премьер-лигасында 13 матч өткізген.
Жазғы трансферлік кезеңде қорғаушы Қазақстан чемпионатын тастап, Еуропаға кетіп, Румынияның «Петролул» клубымен келісімшартқа отырған. Енді хорват футболшысы Қазақстанға қайта оралуға дайын, бірақ бұл жолы «Атырау» сапында.
В Атырау +23.1