Дүниежүзілік татарлар конгресі Атқару комитетінің мүшесі, жерлесіміз Тауфик КАРИМОВ Әзірбайжан Жазушылар одағына қабылданды.
Қазақстанның татарлар және башқұрттар қауымдастығы медиа орталығы атап өткендей, бұрын мұндай құрметке тек Олжас Сүлейменов ие болған екен.
Сүлейменов «алпысыншы» жылдардың ақыны болса, Каримов 2000 жылдардың ақыны. Облысқа оңайға түспеген жылдары мемлекеттік қызмет (Тауфик Каримұлы Шырдабаевтың, Тасмағамбетовтің, Дәукеевтің кезінде және азғана уақыт Мусиннің тұсында Атырау облысының әкімі аппаратының басшысы болды) пен шығармашылықты қалай сабақтастыра алғаны тек өзіне ғана аян. Шенеуніктердің қызметтік дамуы барысында «азаматтық» пен «жеке ұстаным» түсінігі, әдетте, орынсыз ымырашылдық нышанына ауысып, мансап табалдырығының көтерілуіне қарай көбінесе жойылып жатады. Алайда Каримов мұндай «ауруды» жеңіп шығып, адам ретінде, азамат, патриот боп қалды:
«АЖ»АНЫҚТАМАСЫ: Тауфик Каримов – «…и все цвета радуги» (2000), «Кatharsis» (2003), «Облака плывут…» (2004), «Здравствуй, мой дом…» (2005), «Облака плывут-2» (2005), «...Тослэр балкышы» (2009), «Татарстан, татары и спорт» (2012)кітаптарының авторы. 2003 жылы жарық көрген «Где ты, моя Родина, боль моя, и свет?..» өлеңдер мен прозалар жинағы қазақстандық ақындар мен жазушылардың 100 томдық «Қазына» кітапханасында 70-ші боп шықты. Қазіргі кезде «Площадь Кирова» атты жаңа кітабы басылымға әзірленуде. Танымал татар көпестерінің және ХІХ-ХХ ғасырлардағы мұсылман дін басыларының немересі Тауфих Каримов Дүниежүзілік татарлар конгресінің атқару комитетінің мүшесі, Гейдар Әлиев атындағы «Әзірбайжан-Қазақстан» достық қоғамы басқармасының мүшесі, Қазақстанның татарлар және башқұрттар қауымдастығының құрметті президенті, Қазақстан Жазушылар одағының және Татарстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі боп табылады.
Всё - как обычно,
Я снова – среди них,
Хожу,
Вокруг всё также серо,
Чёрно-бело...
Я подхожу – меня никто не видит,
Я начинаю говорить,
О чём-то громко спорить –
Меня никто не слышит...
Они – всё также сыты, довольны чем-то,
И от того их лица –
Засалены, лоснятся, и – опухши...
(«Где ты, моя Родина, боль моя и свет?..»кітабынан)
Ол қалың жұртшылыққа аса танымал емес, алайда оның прозасын адал, бей жай қарамайтын, ойлы автордың шығармасы деуге болады.
Ол өзін бір жанрдың шеңберімен шектеп қана қоймайды. Оның шығармаларының қатарында проза, тарихи шолу, поэзия, тіпті музыкалық киношолу да көрініс тапқан... Осы барлық әдеби аспаптарды ол тығыз байланыстыра қолданады. Каримовтың публицистикасы туған өлке тарихынан сыр шертеді. Оның адмирал Владимирскийге, Михаил Гурьевке және т.б. арналған тарихи шолулары «АЖ» газетіне де жарияланған болатын. Автордың басқа шығармаларын http://www.proza.ru сайтынан оқуға болады.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА