Атырау, 28 мамыр 13:48
 дождьВ Атырау +21.2
$ 477.48
€ 555.83
₽ 6.65

Сәрсемалиев үш кісіні қасақана, ал біреуін «абайсызда» өлтіргенін мойындады

Бейнежазба
137 рет қаралды

Бүгін Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған межрайондық сотында Жангелдин ауылындағы отбасыға қатысты резонансты істі қарау жалғасты.

Жауап алу кезінде айыпталушы Сұлтан Сәрсемалиев кінәсін ішінара мойындады. Ол Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтірген деген айыппен келіспейтінін айтып, оның өлімі «абайсызда» болғанын, өзін қорғау үшін әрекет еткенін жеткізді.

Ал басқа эпизодтар бойынша айыпталушы басқа мәлімдеме жасады. Сәрсемалиев Мақсот Қарабаллинге тоғыз рет, Өтешқалиеваға сегіз рет, ал Мейрамгүл Қарабалинаға 32 рет пышақ сұққанын және бұл әрекеттерін қасақана жасағанын мойындады.

Сонымен қатар ол ұрлық, алаяқтық және құжаттарды заңсыз алу баптары бойынша кінәсін мойындады. Оның айтуынша, бұл әрекеттерді қылмыстың ізін жасыру үшін жасаған.

Осылайша, 13 баптың ішінде Сәрсемалиев тек Наурыз Мұқанғалиевтің өліміне қатысты қасақана емес, «абайсызда» болғанын ғана мойындап отыр.

Еске салсақ, Жангелдин ауылындағы жаппай кісі өлтіру ісі Атырау облысында үлкен қоғамдық резонанс тудырған еді. Тергеу нұсқасына сәйкес, жәбірленушілер айыпталушының бұрынғы жұбайының туыстары болған.

Айнұр САПАРОВА

Сурет пен видеоны түсірген автор

Бүгін, 12:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.