Атырау, 2 маусым 01:45
 дождьВ Атырау +18.1
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Атырауда Жангелдин ауылындағы отбасы қырғынына қатысты тергеу аяқталды

420 рет қаралды

Атырауда Жангелдин ауылындағы отбасы қырғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. 

Басты күдікті — Сұлтан Сәрсемалиев кінәсін мойындап, қазір Атырау тергеу изоляторында сотты күтуде.

Дереккөздердің айтуынша, ол қылмыстық істің материалдарымен танысып, төрт адамды өлтіргенін мойындаған.

Сәрсемалиевке ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы («екі және одан да көп адамды өлтіру») бойынша айып тағылды. Сонымен қатар, тергеу барысында қосымша қылмыстық істер тіркелді: 188-бап — «Ұрлық» және 190-бап — «Алаяқтық»

Бұл айыптар марқұмдардың малын сатып жіберу және олардың банк карталарынан ақша жымқыру  деректеріне қатысты.

- Барлық тергеу әрекеттері аяқталды, іс толық дайын және жақын күндері сотқа жіберіледі. Сот процесі осы айда басталмақ, - деп хабарлады дереккөз.

Бұған дейін Атырау облысының прокуратурасы Сұлтан Сәрсемалиев психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша толық ақыл-есі дұрыс деп танылғанын хабарлаған. Бұл оның заң бойынша толық жауапкершілікке тартылатынын білдіреді.

Тағылған айыптарды ескерсек, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Айгүл Мансурова

12 мамыр, 12:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.