Айналма көпір бойынша қозғалыс шектелді. 1-ші наурыздан бастап «Атырауинждорстрой» ЖШС «ОблТасЖол» КМК тапсырысы бойынша Жайық арқылы өтетін бұл өткелді қайта жабдықтауға кірісті. Жұмыс құны - 900 миллион теңге, тапсыру мерзімі-осы жылдың 31 желтоқсаны.
Қазір автокөліктердің қозғалысы үшін оң жақ жағалау (еуропалық) бөлігі ашылды, ол тек бір жолақ бойынша. «Атырауинждорстрой» ЖШС-нің техникалық директоры Валерий КУДРЯКОВТЫҢ айтуынша, бұл сызба бір айдан кем емес уақыт ішінде қолданылатын болады, яғни, бетонның нормативті қатаю мерзімі-29 күн. Одан кейін жұмыс қарсы жолақта басталатын болады.
В.Кудряковтың пікірінше, көпірдің металл арқалықтары мықты күйінде қалған, кейбір тірек тораптар ғана таттанып, бүлінген. Жөндеушілер құрылымды қоршап тұрған аралық қаңқаны, су тарту жүйесі мен баспалдақтарды қайтадан қалпына келтіру жұмыстарын жүргізбекші. Жұмыс аяқталғаннан соң жүк көтеру мүмкіндіктері өзгермейді. Норматив бойынша көпір 60 тонналық танк немесе 80 тонналық трейлерді көтеруі тиіс.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ