Атырау, 26 қараша 11:47
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Банктік кедергілер таусылар емес

2 959 просмотра

Облыс кәсіпкерлерінің Мәжіліс депутаттарымен және екінші деңгейлі банк өкілдерімен болған кездесуінің негізгі тақырыбы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы болды.

«Жол картасының...» аясында біздің бизнесмендеріміздің тарапынан берілген 70 өтініштің үшеуі ғана өткен жылы банктердің келісімін алды. Өткен жылы «Даму» қоры арқылы субсидияға 314 млн. теңге бөлінсе, биылғы жылы миллиардтан аса қаржы бөлініп отыр»,-дейді облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дана ШАЙДИЛДИНОВА. Бүгінгі күні барлығы 4 жоба ғана келісілген және мұндай қарқынмен бұл соманың қалай игерілетіндігі түсініксіз.

Жобаларды субцидиялау және кепілдендіру туралы шешімді қабылдауға, осы қабылдау  талаптарына сәйкесті кәсіпкерлер, екінші деңгейлі банктер, облыс әкімдіктері жанындағы аймақтық үйлестіріу кеңестері, ҚР Сауда және экономикалық даму министрлігі, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры»  АҚ қатысады. Яғни, кәсіпкер алдымен өз жобасына келісімді банктен, одан кейін әкімдіктен және де басқа аталмыш мекемелерден алуға тиісті. Алайда, бизнесмендердің айтуынша іс жүзінде кедергілер заемшыларға жоғары талаптар қоятын және кепілге қойылған мүлік бағасын төмендететін банктерден басталады. Ал, соның салдарынан несиелік ресурстарға қол жеткізуге мүмкіндік аз болады, ал, селолық кәсіпкерлер үшін ол іс жүзінде нөлге тең. Өйткені, олардың кепілдік мүліктері жоқ, саман тастан салынған ғимараттарын банкирлер кепіл ретінде қарамайды. «Мен жеке балабақша ашсам деп едім. Банкке кепілдік ретінде ғимаратты ұсындым. Банктегілер ол үшін оның нарықтық құнының бар-жоғы 30% ғана беріп отыр. Бизнес-жобадан бас тартуға тура келді»,-деп әңгімелейді кәсіпкерлердің бірі.  

- Банктер бөлінген қаржыны игеруге мүдделі болып отырған жоқ,-деп есептейді парламент мәжілісінің депутаты Асхат БЕКЕНОВ. «Ал, ресейлік банктер нарықта белсенді жұмыс жасай біліп отыр және олар бізден клиенттерді тартып әкетуде. Егер, банктердің кәсіпкерлерге деген қарым-қатынасы өзгермейтін болса, онда ертең сіздер де бүгінгі күні біз қалай сіздердің арттарыңыздан жүгіріп жүрміз, солай жүгіретін боласыздар»,-деді кәсіпкерлер одағының төрайымы Әлия БЕКҚОЖИЕВА.

«2007 жылы мен бес автобус, 2008 жылы тағы да алтауын сатып алдым. Енді маған өндірісті дамыту үшін және негізгі техниканы ауыстыру үшін несие керек. Жарты жылдан астам уақыт болды, әлі банктен несие ала алмай жүрмін»,-дейді Құлсары қаласының кәсіпкері Қалдаш МАМБЕТОВ.  Оның кәсіпорны «Жол картасы» бағдарламасының басты секторларының тізіміне кіреді. Алайда, банктегілер 15 пайызды алғашқы жарнасының болмауына және бизнесменнің егделі жасын сылтау етіп, бас тартып отыр. «90-шы жылдары біздің бизнесіміздің алғашқы легіндегілердің жасы 30-40-та болды. Қазір олар 50-ге жетті. Олар бүгінгі күні аяқтарынан нық тұрған, тәжірибелері мол кәсіпкерлер, солай бола тұра банктер оларға ұзақ мерзімді несиелер беруден бас тартып отыр»,-деп растады Әлия Бекқожиева. Парламент мәжілісінің депутаты Айгүл СОЛОВЬЕВАНЫҢ пікірінше, «бұл жағдайдағы банктердің ұстанымы Конституцияға қайшы келеді».

Дегенмен де істерін жаңа бастаған кәсіпкерлердің жағдайы да аса мәз емес, банк олардың бастапқы бизнестерін несиелеуді қалап отырған жоқ. Жастарды бүгінгі күні шағын және орта бизнестің түрлі 25 жобасы шоғырланып отырған бизнес-инкубатор да құтқара алмайды. «Біздерде қаншама бизнес-жобалар табысты жұмыс істегенмен біз коммерциялық ұйым болып табылмаймыз және бағдарламаға қатысуға құқығымыз жоқ»,-дейді Атырау бизнес-инкубаторының басшысы Андрей КОРОВИЦИН.

Осы барлық айтылған ескертулерді депутаттар өз әріптестеріне жеткізуге уәде етті. Кәсіпкерлер тағы бір өзекті мәселені қозғады. Қазір бизнесмендер алкогольдік сусындарды сатуға лицензияны әкімдіктен емес, салық органдарынан алады және тауарға құжаттарды электорнды түрде тапсыруға тиісті. Ал, бұл әсіресе шағын дүкендері бар селолықтар үшін біраз қиындықтар тудыртуда. Депутаттар қаржы министрлігінің осы мәселені қайта қарау жөнінде премьер-министрден бұйрық алғандығын айтты.

Айгүл Соловьева бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы әңгімеледі. Бүгінгі күні лицензиялауға мұқтаж бизнес-бағыттама тізбесі 30% қысқартылды. Алға қарай осы үрейлендіретін тізімді тағы да үш есеге дейін қысқарту жоспарланып отыр. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 мамыр 2011, 19:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.