3-7-ші мамыр аралығында елімізде полиомиелитке қарсы екінші ұлттық иммундау жүргізілмек. Облысымызда вакцинаны 75 мыңнан астам бала алуы тиіс.
Иммундау ауызға тамызатын «тірі» вакцинамен жүргізілмек. Облыс бойынша барлығы 77 арнайы медицина бригадалары даярланды. Олар емханалар мен әлеуметтік қосындарда вакциналауды жүргізбек. «Вакциналаудан 5 жасқа дейінгі (қоса есептегенде) балалар өтуі тиіс. Мұндай балалар саны облысымызда 75695», - дейді облыстың бас педиатры Гүлфара ӨМІРБАЕВА. Осы күндері медициналық көрсеткіштер бойынша қарсы көрсетілімдер – жоғарғы температура, бүйрек ауруы бойынша диспансерлік есепте болуы және т.б. болса, олар кейінірек вакцина алатын болады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА