Атырау, 23 ақпан 17:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

​БҚО-дағы сұмдық оқиға: қызды алдап үйге кіргізіп алып, зорлаған

114 рет қаралды

Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыс дерегі бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Мой Город.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Шыңғырлау ауданында болған. Полицияға қыздың заңды өкілі жүгініп, ол екінші қаңтарда ер адам оның кәмелетке толмаған қызын алдап үйге кіргізіп, зорлағанын айтқан.

БҚО Полиция департаменті аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 120-бабы ("Кәмелетке толмаған баланы зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.

"Қылмыстық іс Шыңғырлау аудандық полиция бөлімінің өндірісінде жатыр, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі тергеу әрекеттерінің кешенін жүргізгеннен кейін шешіледі", - деп хабарлады БҚО ПД.

Полицияда істің департамент басшылығының бақылауында екенін айтты. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді.

Бүгін, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.