Атырау, 5 қараша 05:38
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +6
$ 489.36
€ 533.45
₽ 4.99

Бір абзацпен

2 296 просмотра

Мереке алдындағы «Құқық тәртібі» операциясының барысында полицейлер ескі базар ауданында шағын наубайханада заңсыз жұмыс жасайтын Өзбекстанның 6 азаматын ұстады. «ҚР аумағына келу тәртібін бұзғандары үшін олар елден шығарылатын болады, ал, кәсіпкердің шетелдік жұмысшы күшін жұмысқа тартуға рұқсаты болмаған»,-деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

 

ТШО кезекті экологиялық айыппұлын төледі. 2010 жылдың шілдесінде технологиялық желілердің тоқтауына байланысты ластаушы заттар шығарылған болатын. Табиғат қорғау прокуратурасының ұйғарымы бойынша, облыстық экология мамандары ТШО-ға келтірілген зиянды өтеу үшін 1,7 млрд. теңге көлеміндегі айыппұл салу жөнінде талап қойды. Мұнайшылар сотқа шағымданғанымен, сот бәрібір оларды бұл соманы төлеуге міндеттеді.

 

3 мамырда «NCOC» компаниясының өкілдері  соғыс ардагерлеріне 690 азық-түлік купондарын тапсырды,олардың әрқайсысы 10 мың теңгеге есептелген. «Атырау» шипажайына 50 жолдама, Пятигорскідегі «Қазақстан геологі» шипажайына 20 жолдама ұсынды.

 

Су полициясы қызметкерлері Әзірбайжан азаматы ұйымдастырған жасырын балық тұздайтын цехты анықтады. ІІД баспасөз хатшысы Г.Мұхтарованың айтуынша, шағын цехты Мечников көшесі бойында орналасқан жеке үйлердің бірінен тапқан. Үш сарайда қара балықты және бекіре тұқымдас балықтарды тұздауға арналған өндіріс жолға қойылған. Оларды 200 литрлік бөшкелерде тұздаған, ванналарда шайып, артынан кептірген. Барлығы үш тоннадай балық табылып, тәркіленді, оның ішінде 17 кг. бекіре тұқымдас балықтар бар. Цех қожайыны ешқайда шықпау жөніндегі қолхат арқылы босатылды.

4 мамыр 2011, 18:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.