
Атырау облыстық кардиологиялық орталығының базасында өңір тарихында алғаш рет жоғары технологиялық күрделі кардиохирургиялық операция сәтті өткізілді.
Атап айтқанда, жүректің митралды қақпақшасын протездеу және трикуспидалды қақпақшасына пластика жасау операциясы орындалды. Ота жасанды қанайналым жағдайында жасалды.
Операция барысында ингаляциялық азот тотығы (NO) қолданылды. Аталған заманауи әдіс өкпелік гипертензияны төмендетуге бағытталған және әлемнің жетекші клиникаларында кеңінен қолданылып келеді. NO технологиясын пайдалану операцияның қауіпсіздігін арттырып, науқастың операциядан кейінгі жағдайын тұрақтандыруда маңызды рөл атқарады.
Қазір науқастың жағдайы тұрақты, оң динамика байқалады. Медицина мамандары пациентті кезең-кезеңімен өзі тыныс алуына дайындап жатыр.
Кардиологиялық орталықта енді мұндай операцияларды науқасты басқа өңірге жібермей-ақ, жергілікті жерде жүргізуге болатынын атап өтті.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау -8