Атырау, 9 қаңтар 12:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 508.91
€ 594.36
₽ 6.33

Атырауда алты күндік нәресте үйінде тұншығып қала жаздады

281 рет қаралды
Chat GPT жасаған сурет
Chat GPT жасаған сурет

Жоспарлы патронаж аясында учаскелік медбикелер нәрестені тексеруге келген кезде оның жағдайы күрт нашарлап, тынысы тарылып, көгеру белгілері байқалып, дереу шұғыл медициналық көмекті қажет еткен.

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, №4 қалалық емхананың учаскелік медбикелері Айымгүл Сырлыбаева мен Жастілек Бахреденова патронаждың прогрессивті үлгісі бойынша нәрестені тексеруге барған. Қарау барысында сәбидің жағдайы күрт нашарлап, көгеру, ентігу және тұншығу белгілері байқалған.

Медицина қызметкерлері дереу әрекет етіп, Геймлих тәсілін қолданып, тыныс жолдарын ашқан. Содан кейін нәресте шырышты қақырықты сыртқа шығарып, тынысы қалпына келген.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шақырылып, нәресте Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты деп бағалануда, әрі дәрігерлер бақылауында.

Айгүл МАНСУРОВА

Кеше, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.