
Әлем бойынша миллиондаған қолданушы ChatGPT-ті денсаулық жағдайы мен медициналық сұрақтар үшін пайдаланады. Бұл туралы digitalbusiness.kz салалық есепке сүйеніп хабарлады.
Күн сайын чат-ботты 40 млн-нан астам адам қолданады. Барлық сұраулардың шамамен 5%-ы медицина тақырыбына қатысты. Қызметтің 800 млн тұрақты қолданушысының төрттен бірі денсаулық мәселелеріне қызығушылық танытады.
Американдық медициналық ассоциацияның дерегінше, 2024 жылы дәрігерлердің 66%-ы жасанды интеллект шешімдерін кәсіби қызметінде пайдаланған (2023 жылы – 38%).
ЖИ медициналық құжат жүргізу, емдеу жоспарын дайындау және ғылыми зерттеулерді талдау үшін қолданылады.
Wolters Kluwer зерттеуіне сәйкес, АҚШ-тағы әрбір екінші медицина қызметкері ЖИ-ді мәтіндік және бейнематериалдар жасау үшін қолданады. Медбикелер арасында – 46%, фармацевтер арасында – 41%. Көп мамандар чат-боттарға аптасына кемінде бір рет жүгінеді.
ChatGPT әсіресе медициналық мекемелер мен мамандар жетіспейтін ауылдық жерлерде кеңінен қолданылады.
OpenAI дерегінше, аптасына шамамен 580 мың денсаулыққа қатысты сұрау осындай өңірлерден түседі.
Сауалнама нәтижелері:
- 55% – симптомдарды тексеру үшін
- 48% – медициналық терминдер мен кеңестерді түсіндіру үшін
- 44% – емдеу нұсқалары туралы ақпарат іздеу үшін
OpenAI денсаулық саласында ИИ қолдануды нақты реттеу қажеттігін атап өтті. Компания технологиялардың қауіпсіздігін арттыру және оларды медициналық тәжірибеге енгізуді жеңілдету мақсатында арнайы ұсынымдар жариялауды жоспарлап отыр.
В Атырау -3