Атырау, 23 желтоқсан 23:48
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Иммундау апталығы өтті

5 564 просмотра

Облыстық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаменті сәуірдің 23-і мен 30-ы аралығында «Жалпыға ортақ қауіптен бірлесіп қорғану» атты иммундау апталығын өткізген болатын. Осыған орай, мамандар сәуірдің 26-сы күні «Жайық-ақпарат» баспасөз клубында жұқпалы аурулардың алдын алу вакцинациясының тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы ақпарат беруге тырысты.

Соңғы уақытта вакцинацияға қатысты халықтың алаңдаушылық білдіріп отырғаны рас. Аталмыш департамент директорының орынбасары Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ осықорқынышты сейілту үшін көп жылдар бойы егіліп келе жатқан халықтың әлемде кездесіп отырғанын қатерлі ауру түрлерінен алыс жүргеніміз де содан болуы керек деген пікір айтты. Сондай-ақ, ол иммундау кезінде екпеден тыс қалған және тұрақты мекенжайы жоқ немесе облыста тіркелмегендерге және діни көзқарастарына байланысты егілмей жүрген адамдарға ерекше назар аударылатынын мәлімдеп еді.

- Иммундау апталығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен 2005 жылдан бері Еуропа аймағында, ал 2007 жылдан бері Қазақстанда өткізіліп келеді. Біздің елімізде жұқпалы ауруларға қарсы егу шарасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысымен бекітілген Ұлттық егу кестесіне сәйкес жүргізіледі. Жұқпалы ауруларға қарсы алдын-ала егілу Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес міндетті болып табылады және ол тегін жүргізіледі. Басқа елдерден келгендерге де солай ақысыз жасалады, - деді ол.

Жалпы бүгінде 22 мың бала егілген екен. Ал екпе шараларына қатысты қала тұрғындарының сауалдары болса, Алмагүл мөлтек ауданындағы қалалық балалар ауруханасына мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 45-64-35, 45-64-36.

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

28 сәуір 2011, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.