Атырау, 19 желтоқсан 22:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Құлсарыда дәрігерлер омыртқаға алғашқы ота жасады

531 рет қаралды

Бұл араласу аудандық медицина үшін маңызды қадам болды, өйткені енді ауыр жарақат алған науқастар облыс орталықтарына жіберілмей, аудан орталығында қажетті көмек алады.

Жылыой аудандық ауруханасында бұрын болмаған оталар жасалып, науқастардың жергілікті жерден емделуіне мүмкіндік жасалып отыр. 

Құлсары қаласындағы ауруханада алғаш рет 1-ші бел омыртқасының комперессиялық сынығымен жатқан науқасқа транспедикулярлық фиксация отасы жасалды. Бұл аудан медицинасындағы маңызды жетістіктердің бірі және күрделі жарақаттарды жоғары деңгейде емделуге мүмкіндік беретін қадам болып отыр. 

Бұл отаны дәрігерлер командасы атқарды. Олардың қатарында травматология бөлімшесінің меңгерушісі Жақия Байзуллин, травматолог-ортопед дәрігері Нұрдәулет Хұсанов, анестизиолог-реаниматолог дәрігері Саламат Жолдасбаев және травтолог-ортопед дәрігері Әбілхайыр Ізімов қатысты. 1989 жылғы науқастың отасы командалық жұмыс нәтижесінде жоғары деңгейде орындалды. Бүгінде науқастың жағдайы тұрақты. 

Ләззат Қаражанова

2 желтоқсан, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.