Атырау, 24 желтоқсан 00:12
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Бір абзацпен

2 236 просмотра

23 сәуір күні күндіз қала маңындағы Ақжар поселкесінде 22 жастағы жігіт суға кеткен. ТЖД хабарлағандай, ол балық аулаған болып шықты. Мүрдені судан құтқару қызметінің қызметкерлері шығарды. 

 

23 сәуір күні түнде Привокзальный мөлтек ауданында өз үйінің подъезінде 44 жастағы ер адам құлап, басын жарып алған. ІІД баспасөз қызметінің хабарлағанындай, ол мас күйде болған.

 

23 сәуір күні таңертеңгісін ауруханада 2005 жылы туған бала қайтыс болды. Ол Тасқала поселкесінің тұрғыны. ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, баланы өткен жылы гепатитке қарсы салынған вакцинадан кейін емдеген болып шықты.

 

18 сәуірден 24-ші сәуірге дейінгі аралықта облыс бойынша жол қозғалысы ережесін бұзған 962 факті тіркелген. Оның ішінде 48 масаң жүргізуші ұсталған және жылдамдықты асырған 115 адамға, қарсы жолға шығып кеткен 4 адамға, жаяу жүргіншіні өткізбеген 42, қауіпсіздік белдігінсіз жүрген 168, рөлде келе жатып ұялы телефонмен сөйлескен 58 адамға хаттама толтырылды. Бұдан басқа, белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен 30 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды.    

 

20 сәуірде таңертеңгі сағат 7-де Атырау-Қарабатан тас жолында бір бағытқа кетіп бара жатқан «Опель» және  УАЗ көліктері соқтығысты. ІІД баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, ЖКО нәтижесінде УАЗ машинасындағы 1969 жылғы жолаушы ауруханаға түсіп, бір тәуліктен соң көз жұмған.

28 сәуір 2011, 13:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.