
25–26 қараша 2025 жылы Дубайда (БАӘ) «КҚК-Р» АҚ директорлар кеңесінің отырысы, сондай-ақ «КҚК-Р» және «КҚК-К» акционерлік қоғамдарының кезектен тыс жалпы жиналыстары өтті.
Жиындардың негізгі бөлігі КҚК бас директоры Николай Горбань ұсынған консорциумның ағымдағы қызметі туралы есепке арналды. Ол жұмыс нәтижелерін, қызметкерлердің денсаулығын қорғау, өндірістік және экологиялық қауіпсіздік бағыттарындағы жағдайды баяндады.
Компанияның басты жетістіктерінің бірі — экспорт көлемінің айтарлықтай ұлғаюы. 2025 жылдың басынан 21 қарашаға дейін КҚК жүйесі арқылы 65,5 млн тоннадан астам мұнай тасымалданған. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9 млн тоннаға көп.
Сонымен қатар қауіпсіздік бағытындағы оң нәтижелер де атап өтілді. 1 қараша 2025 жылғы жағдай бойынша консорциум:
- 11,6 млн адам-сағат — жазатайым оқиғасыз;
- 28,4 млн км — ауыр жол-көлік оқиғаларынсыз автокөлік қозғалысы нәтижесіне қол жеткізген.
Жиында акционерлер ұзақ мерзімді инвестициялық жобалардың іске асу барысын талқылады. Төмендегі бағыттар бойынша есептер тыңдалды:
- сенімділік жөніндегі үйлестіру комитетінің жұмысы;
- Теңіз – Новороссийск құбыр желісінің техникалық жағдайы мен өткізу қабілеті.
Сонымен бірге консорциум нысандарын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері сөз болды. Ресей мен Қазақстан аумақтарындағы әлеуметтік жобалардың орындалу барысына да ерекше назар аударылды.
Жиын соңында «КҚК-К» АҚ директорлар кеңесінің жаңа құрамы қайта сайланды.
В Атырау -1