Атырау, 19 желтоқсан 22:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Атырауда жылыту маусымы басталғалы 25 өрт болды

282 рет қаралды
Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Атырау облысында жылыту маусымына байланысты өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтіліп жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ТЖД басқарма бастығы Бағдат Абдуллин мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл осал топтағы отбасылар тұратын 1700-ге жуық үй араланып, түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Қауіптің алдын алу үшін 200 газ дабылқаққышы және 136 түтін дабылқаққышы орнатылып жатыр. Жалпы 6 мыңнан аса үй тексеріліп, 9 мыңнан астам тұрғын қамтылған.

1 қазаннан бері, яғни жылыту маусымы басталғалы облыста 25 өрт тіркеліп, бір адам қайтыс болған. Өрттердің басым бөлігі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан және пештің дұрыс пайдаланылмауынан шыққан. Сонымен бірге биыл табиғи газдан уланудың 5 жағдайы анықталған.

— Жылыту маусымында пеш пен мұржаларды уақытында тазалау өте маңызды. Электр құрылғыларын шамадан тыс қосудан аулақ болған жөн. Әр адамның қауіпсіздігі – өз қолында, — деді Бағдат Абдуллин.

ТЖД өкілдері тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын мүлтіксіз сақтап, күмәнді жағдай немесе төтенше оқиға байқалса, 101 немесе 112 нөмірлеріне бірден хабарласуға шақырды.

25 қараша, 18:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.