Атырау, 19 желтоқсан 22:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Атырауда оқушылардың қандай жағдайда қашықтықтан оқытылатынын айтты

Бейнежазба
405 рет қаралды

Егер бір сыныптағы оқушылардың 30 пайызы ауру жұқтырса, сол сынып қана онлайн оқуға көшіріледі. 

Қалғаны штаттық режимде білім алады. Бұл туралы Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Облыстағы білім беру ұйымдарында маусымдық жұқпалы аурулардың таралуына байланысты санитариялық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталуда. Ахуалдың тұрақтылығына орай оқу орындары қалыпты форматта жұмыс істейді. Егер, бір сыныптағы оқушылардың 30%-ы жұқпалы аурумен ауырғаны анықталса, сол сыныпты қашықтан оқыту мәселесі қарастырылады. Қазір мектептердегі әр сыныпта орта есеппен 2–3 оқушы денсаулығына байланысты сабаққа қатыспай жатыр. Осыған байланысты балаңыздан ауру белгілері байқалса, міндетті түрде дәрігерге қаратыңыз. Бұл нақты эпидемиологиялық есеп жүргізу мен уақытылы шешім қабылдауға мүмкіндік береді, – деді М. Әбуов.

Басқарма басшысы білім беру ұйымдарындағы сақтық шараларының қалай жүргізіліп жатқанын атап өтті.

- Мектептер мен балабақшаларда оқушылардың, педагогтар мен қызметкерлердің дене температурасы кіреберісте тексеріліп, ауру белгілері байқалған жағдайда үйіне жіберіледі. Оқу кабинеттері әр қоңыраудан кейін 10–15 минут бойы желдетіледі. Кешкі уақытта сыныптар кварц шамдарымен толық залалсыздандырылады. Сондай-ақ оқу кабинеттерінде 18–20 градустық қалыпты температура сақталуда, - деді М.Әбуов

Сонымен қатар оқушыларға жеке гигиена ережелерін сақтау және қажет болған жағдайда маска тағу жөнінде түсіндіру жұмыстары күшейтілген. 

Пансионат, интернат және балалар үйінде ауырған балаларды уақытша оқшаулауға арналған арнайы бөлмелер дайындалған.

20 қараша, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.