Атырау, 19 желтоқсан 22:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Атырауда маусымдық аурулар күшейді: мамандар сақтық шараларын ескертті

320 рет қаралды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, маусымдық жұқпалы аурулардың артуына байланысты дәрігерлер тұрғындарға алдын алу шараларын сақтауға кеңес беруде. Мамандар аурудың алғашқы белгілері байқалған сәттен бастап дұрыс ем қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

Биыл жергілікті бюджет есебінен Ресейде өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасы сатып алынды. Оның құрамында тұмаудың А/H3N2/, А/H1N1/ және В штаммдарына қарсы антигендер бар.

ЖРВИ-дың негізгі белгілері — тамақтың жыбырлауы, жөтел, тұмау, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік пен қалтырау. №2 қалалық емханасының отбасы денсаулығы бөлімінің меңгерушісі Наргүл Ғайнетова ЖРВИ-дан қорғанудың тиімді жолдары ретінде қолды жиі жуу, адам көп жиналатын орындардан аулақ болу, маска тағу және екпе салдыруды атады.

— Екпе аурудан толық қорғамаса да, жұқтырған жағдайда жеңіл өтуіне көмектеседі. Ауырған кезде көп сұйықтық ішіп, тынығу, бөлмені желдету және иммунитетті күшейту маңызды, — деді маман.

Дәрігерлер үш-төрт күн ішінде жағдай жақсармаған немесе белгілер күшейген жағдайда міндетті түрде медициналық көмекке жүгінуге шақырады.

1 қарашадан бері №2 қалалық емханада ЖРВИ диагнозымен 732 адам тіркелсе, 3 380 тұрғынға алдын алу мақсатында екпе салынған.

19 қараша, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.