
Жарыссөзге марқұмның анасы Галина Легкодимова, айыпталушылар Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Қатимовтың ата-аналары және олардың адвокаттары қатысты.
Алдымен барлығы марқұмның отбасына көңіл айтты.
Янаның анасының эмоцияға толы сөзі
Алғаш болып марқұмның анасы — Галина Легкодимова сөз алды. Оның сөзі өте ауыр болды әрі ашық сөйледі.
«Қызым — жап-жас, өмірге құштар, мақсаттары бар қыз еді. Ол менің өмірімнің мәні болатын. Енді одан не қалды?», - деді.
Содан соң кейін айыпталушыларға қарата:
«Ол мені өз жасаған қылмысына кінәлі қылғандай болды. Әйтеуір, мен оған бір таныстарым арқылы қысым жасағандай айтты. Бірақ бұл оған қызымды өлтіруге кедергі болмады. Ол қызымды жаман қылып көрсетуге тырысты. Белгісіз, сіздер оны өлтіргенге дейін және кейін не істедіңіздер. Суретке, видеоға түсірмеңдер деп, БАҚ-қа шағымданды. Бұл – олардың конституциялық құқығы. Ал қызымның өмір сүру құқығын сендер тартып алдыңдар».
«Ол жасаған қылмысын маған жаба жаздады. Мен оны бір таныстарым арқылы қорқытқандай айтты, бірақ бұл оған қызымды өлтіруге кедергі болмады. Ол қызымды арсыздықпен айыптады. Өлтірмес бұрын да, кейін де оған не істегендерің белгісіз. Суретке, видеоға түсірмеңдер деп, БАҚ-қа шағымданды. Бұл — олардың конституциялық құқығы. Ал менің қызымның өмір сүру құқығын сендер тартып алдыңдар».
Сондай-ақ ол айыпталушылардың «денені суға батырдық» деген нұсқасына сенбейтінін айтты:
«Оның денесін судан он бес метр қашықтан, биік үйіндінің артынан тапты. Мен сендердің денені суға батырдық деген сөздеріңе сенбеймін. Мұның бәрі алдын ала жоспарланған».
Осыдан кейін ол айыпталушыларға ауыр сұрақтар қойды:
«Ал сендер сол пәтерде оған не істегендеріңді айтпай отырсыңдар. Не істедіңдер? Азаптадыңдар ма? Зорладыңдар ма? Неге үндемей отырсыңдар? Мұны тек өздерің ғана білесіңдер. Ал кейін “енді қорықты ма?” деп жазғансыңдар. Не істедіңдер оған?»
Ол сондай-ақ Янаның жүкті болғанына сенімді екенін, қабылданған шешімге осы әсер етуі мүмкін екенін айтты.
Сөзін Ризуанға қарата:
«Өмір бойына бас бостандығынан айыру — сен үшін ең жеңіл жаза, Ризуан. Сен — қорқақсың. Сен — бейшарасың», - деп аяқтады.
Адвокат Бекқалиева сөзін жалғастыра алмай, залдан шығып кетті
Келесі болып Ризуанның адвокаты — Бекқалиева сөз алды. Оның қатты абыржып тұрғаны көрінді, дауысы дірілдеп, бірнеше рет кідірді. Сосын:
«Айыпталушының құқығын қорғау — бұл оның құқығы, бірақ оның әрекеттерін қолдау деген сөз емес», - деді.
Судья Зарема Хамидуллина оның жағдайын сұрағанда, Бекқалиева: «Өзімді нашар сезініп тұрмын», — деп жауап берді.
Осыдан кейін ол соттың рұқсатымен көз жасын сүрте залдан шығып кетіп, қайта оралмады.
Ризуанның әкесі: «Ұлым мейірімді. Ол қателесті»
Одан кейін Ризуанның әкесі — А. Қайыржанов сөз алды. Ол сондай-ақ ұлының бір қорғаушысы ретінде сөйледі. Қолындағы қағаз дірілдеп тұрды.
«Ұлым үшін кешірім сұраймын. Біз қарапайым отбасымыз. Балаларымызды адал болуға, заңды бұзбауға тәрбиеледік. Ұлымыз үйленіп, немере сүйеміз деп армандадық. Болған жағдай біз үшін үлкен соққы болды. Ұлым – мейірімді, қамқор жан. Ол істеген ісіне өкінеді. Тергеу басталғалы барынша ынтымақтастық танытты. Оның жастығын ескеріңіздер. Ол қателесті», – деді ол.
Одан кейін:
«Мүмкін, ол кінәлі емес шығар. Бәлкім, Янаны тірі күйінде жағада қалдырған болар, ал ары қарай не болғаны белгісіз. Машинада ешқандай із де, биоматериал да табылмады. Тікелей дәлелдер жоқ. Видеожазбаларда кісі өлтіру сәті көрінбейді. Машина тек ұқсас болған. Барлық тергеу – тек жорамал. Хабарламалар контекстен жұлынып алынған. Ол тергеуден кейін шаршаған соң мойындады», - деді.
Сондай-ақ ол қоғам мен БАҚ тарапынан қысым болғанын айтты:
«Жұртшылық тарапынан қатты қысым болды. Резонанс. БАҚ. Сотқа дейін-ақ кінәлі деп жариялады. Қоғамдық пікір алдын ала қалыптасты».
Одан кейін:
«Машина айғақ ретінде тұр. Машинаны қайтарыңдар. НСД (сараптама) ешқандай нәтиже берген жоқ. Қатимовтан келген “малява” (хаттар) заңды күшке ие емес», - деді.
Алтынбек Қатимовтың әкесі және оның қорғаныс позициясы
Алтынбектің әкесі — А.Қадырқұлов та екі айыпталушының отбасылары жұртшылықтың қысымына ұшырағанын айтты.
Қорғаушылар былай деді:
«Айып тек хат алмасуға негізделген. Тапсырыс болмаған. Төлем болмаған. Телефонды ол жоймаған, құрылғы жойылған уақытта ол Ганюшкинде болған».
Қорғау тарапы:
«Қатимов өз кінәсін мойындап, тергеу басталмай тұрып-ақ өкінетінін білдірді. Ол мәйітті апарып тастаған орынды көрсетуге келісім берді», деп еске салды.
Ризуан Қайыржановтың соңғы сөзі
Соңғы сөзін айтқан кезде Ризуан Қайыржанов көзіне жас алды. Ол:
«Мүмкін, мен енді ешқашан ата-анам мен қарындасымды көрмейтін шығармын», - деді.
Содан кейін:
«Мен жаза алғым келеді және оның соңы болғанын қалаймын», - деді.
Одан әрі:
«Мен Янаның абыройына нұқсан келтіргім келген жоқ. Оның темекі тартқаныы мен есірткіге қатысы туралы айтқаным – тек өзінің сөздеріне негізделген. Мен оның атын кірлеткім келген жоқ», - деді.
Алтынбек Қатимовтың соңғы сөзі
Алтынбек Қатимов соңғы сөзін қысқа ғана айтты:
«Бізге тағылған айып тек жорамалдарға негізделген. Тергеу кезінде моральдық қысым көрсетілді. Мені жалғыз камераға кіргізіп, жоқ нәрсені мойындатуға тырысты. Осыдан кейін тергеумен ынтымақтастықты тоқтаттым. Өйткені бәрі дөрекі болды, адамша сөйлесуге болар еді. Өзімнің қатысым барын мойындаймын. Үкімді кәсіби әрі әділ шығаруды өтінемін».
Үкім дүйсенбі, 17 қараша күні, сағат 11:00-де жарияланады.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
Видеоны түсірген автор
В Атырау +4