Атырау, 5 желтоқсан 07:46
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда өкпе қатерлі ісігінің алдын алу үшін ашық есік күні өтеді

221 рет қаралды

Атырау облыстық онкология орталығы 22 қарашада өңір тұрғындарын өкпе қатерлі ісігінің алдын алу айлығы аясында тегін тексеруге шақырады.

Мамандардың айтуынша, қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтау өмірді сақтаудың ең тиімді жолы. Сондықтан әр азамат өз денсаулығына бей-жай қарамауы қажет.

Тексеру туралы толық ақпарат:

  • Күні: 22 қараша
  • Уақыты: 09:00–13:00
  • Орны: Л. Владимировский көшесі, 2
  • Тегін, жолдама қажет емес.

Өкпе қатерлі ісігі әлемде ең жиі кездесетін және өлім көрсеткіші жоғары онкологиялық аурулардың бірі. Дегенмен, оны ерте анықтау емдеу тиімділігін арттырады.

12 қараша, 13:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.