Атырау, 5 желтоқсан 07:29
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда дәрігерлер сәбидің өмірін аман алып қалды

236 рет қаралды

Атырау облыстық перинаталдық орталығы дәрігерлері ас қорыту жүйесінде туа біткен ауыр ақауы бар небәрі он күн бұрын дүниеге келген нәрестеге жоғары технологиялық, көпсатылы күрделі хирургиялық ота жасады. 

Ота жасалар алдында нәрестенің жағдайы өте нашар болды. Ота сәтті аяқталды. Қазір сәбидің жағдайы жақсы. Жақында анасымен бірге үйіне шығады. 

Мамандардың айтуынша, мұндай ақаулар ұрықтың жатырішілік дамуы кезінде пайда болып, өмірдің алғашқы күндерінен-ақ баланың жағдайын күрт нашарлатуы мүмкін. 

Бұл — орталықта жақында ғана жасалған бірегей оталардың бірі ғана. Соңғы айларда туа біткен ауыр ақаулармен туған алты сәбиге күрделі операция жасалып, барлығы да толық сауығып шықты. 

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

6 қараша, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.