
Оқиға Қосшағыл ауылында болған.
Полицияның мәліметінше, 55 жастағы әйел 62 жастағы жергілікті тұрғынның үйіне кіріп, оның бетіне сірке суын шашып жіберген. Осы сәтті пайдаланып, күдікті үйдегі барлық әшекей бұйымдарды алып кеткен.
Үй иесі сұйықтықтанг арылуға тырысып жатқанда, әйел оқиға орнынан қашып үлгерген.
Күдікті көп ұзамай ұсталып, қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Жәбірленушіге дәрігерлер көмек көрсетіп, үйіне шығарылған. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне ешқандай қауіп жоқ.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау +4