
Ақтөбе облысының Шалқар ауданында оқушы пышақ жарақатынан ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazinform.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүріп жатыр.
– Күдікті профилактикалық есепке алынады және оның ісі аудан әкімдігі жанындағы комиссияда қаралады. Сонымен қатар кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін оның ата-аналарының жауапкершілігі қарастырылады, – делінген полицияның баспасөз хабарламасында.
Белгілі болғандай, жәбірленуші – 14 жаста, ал күдікті – 15 жастағы мектеп оқушысы. Жәбірленуші есін біледі және дәрігерлердің бақылауында.
– 26 қазан күні Шалқар қаласында пышақ жарақатын алған жасөспірім Ақтөбе қаласындағы балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі таңда ол ем қабылдап жатыр. Білім бөлімі мен құқық қорғау органдары бірлесіп, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын күшейтті, – деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
В Атырау +4