Атырау, 28 қазан 15:18
 дождьВ Атырау +16.5
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65

Қазақстанда тіркелмеген мал үшін «айып тұрағы» пайда болады

1 063 рет қаралды
Көрнекі сурет. ernur.kz
Көрнекі сурет. ernur.kz

Қазақстанда тіркелмеген ауыл шаруашылығы жануарларына қатысты жаңа шаралар енгізілмек. Бұл туралы 2025 жылғы 29 қазанда Мәжіліс кулуарында сөйлеген Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вице-министрдің айтуынша, тіркеуден өтпеген мал анықталған жағдайда, иелеріне әкімшілік жаза қолданылады.

– Біріншіден, айыппұл салынады. Екіншіден, тіркелмеген мал арнайы «штрафтық тұрақтарға» жеткізіліп, қажетті тіркеу рәсімдері аяқталғанша сол жерде ұсталады, – деді Азат Сұлтанов.

Министрлік өкілі мұндай шаралар елдегі жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталғанын атап өтті. Себебі иесіз жайылып жүрген мал жиі жолға шығып, апаттарға себеп болады. Сонымен қатар, бастама өзгенің жеріне малдың рұқсатсыз жайылу фактілерін азайтуға көмектеседі.

– Малды жаппай тіркеу қажет. Осы мақсатта заңнамаға өзгерістер енгізіліп, тіркелмеген жануарлар үшін жауапкершілік күшейтіледі, – деп түйіндеді вице-министр.


29 қазан 2025, 15:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.