Атырау, 5 желтоқсан 10:41
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Қазақстан Ресейден мұнай өнімдерін баж салығынсыз импорттауы мүмкін

259 рет қаралды
Сурет: freepik.com
Сурет: freepik.com

Мәжіліс Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы 2010 жылғы келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын қарауға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, хаттамаға 2024 жылғы 27 қарашада Астанада қол қойылған. Құжат аясында Ресейден мұнай өнімдерін баж салығынсыз жеткізу мүмкіндігі қарастырылған.

«Бұл келісім Қазақстанның ішкі нарығын қажетті көлемдегі отынмен тұрақты қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Қазақстан мен Ресейдің энергетика министрліктері арасында келісілген индикативті балансқа сәйкес, мұнай өнімдерін импорттау және келісімді 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту жоспарланып отыр», — деді депутат.
29 қазан, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.