Атырау, 5 желтоқсан 10:39
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қазақстанға оралған қандастар қанша?

278 рет қаралды

2025 жылдың басынан бері Қазақстанға 11 012 этникалық қазақ оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері тарихи отанына 1 млн 159,1 мың қандас қоныс аударған.

Жыл басынан келген этникалық қазақтардың басым бөлігі — Өзбекстаннан (45,7%) және Қытайдан (42,1%). Сондай-ақ Түрікменстан (4,5%), Ресей (2,6%), Моңғолия (2,6%) және басқа елдерден (2,5%) келгендер бар.

Қандастардың 58,4%-ы еңбекке қабілетті жаста, 32,8%-ы — балалар, ал 8,8%-ы — зейнеткерлер. Білім деңгейі бойынша:

  • 15,3% — жоғары білімді
  • 28,4% — орта кәсіби
  • 50,6% — жалпы орта
  • 5,7% — білімсіз

Этникалық қазақтар елдің түрлі өңірлеріне қоныстанды. Еңбек күші тапшы өңірлер ретінде Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары белгіленген.

2025 жылға арналған қабылдау квотасы — 2 309 адам, оның ішінде 1 725 қандас сол өңірлерге көшіп келді.

Қоныс аударғандарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі:

  • Көшуге субсидия — 70 АЕК (275,2 мың теңге)
  • Тұрғын үй жалдау мен коммуналдық қызметтерге — 15–30 АЕК (59–118 мың теңге) бір жыл ішінде

2025 жылдың басынан бері 916 қандасқа қолдау шаралары көрсетілді, оның ішінде 277 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Солтүстік өңірлерге ерікті қоныс аударуды ынталандыру мақсатында жұмыс берушілерге институционалдық қолдау енгізілді. Қоныс аударушыларға экономикалық ұтқырлық сертификаты ұсынылады — тұрғын үй құнының 50%-ы немесе 4,56 млн теңгеге дейін өтеусіз негізде беріледі.

29 қазан, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.