Атырау, 5 желтоқсан 07:08
 ашықВ Атырау +1
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Құрманғазы ауданында тәрбиеші мүмкіндігі шектеулі балаға қол көтерген

406 рет қаралды
Видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде Құрманғазы ауданындағы қарттар мен мүгедектерге арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкері ерекше қажеттіліктері бар балаға қатысты тәрбиешінің дөрекі әрекеті тіркелген видео тарады.

Бейнежазбада тәрбиешінің баланы дөрекі түрде итеріп, күш қолданғаны, ал жанында тұрған басқа қызметкердің баланың жүрісін мазақтағаны көрінеді. 

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, екінші топтағы мүгедектігі бар балаға тәрбиешінің күш қолдануы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Оқиға 2024 жылы болғанымен, бұл жөніндегі ақпарат полицияға тек биылғы 25 қыркүйекте түскен. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Куәгерлер мен оқиғаға қатысы бар адамдардан жауап алынуда.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

28 қазан, 12:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.