MAIDAN.KZ. «“Мен Назарбаевты жүз пайыз жақсы білетініме сенімдімін”» - «Бүгінгі күні тақ мұрагерлігіне қатысты мәселе бекер қозғалмағаны белгілі. Сочидеге кездесуде аса мәртебелі Назарбаевтың қажыған түрін байқадық. Жақын уақытта орнынан кететіні жөніндегі мәселе түсінікті болған сияқты. Назарбаев Қазақстанда жекедара билік құрылымын орнатты, оның үлкен саясаттан кетуінің соңы оңай болмайтынын өзі де түсінетін сияқты».
«Ел ішіне іріткі салғысы келіп жүрген кімдер?!» - Біздің биліктің жүргізіп отырған экономикалық саясаты, елдің ішкі дамуының тепе-теңсіздігі мен Отанымыздағы кейбір аймақтардың әділетсіз түрде дамып отырғандығы бізді түсініксіз жағдайларға душар етіп отыр, сондықтан да Сіз ел дамуының кейбір қауіпті тұстарына басымырақ көңіл бөлуіңізді қалаймыз.
«Белгілі әншілерді телеэкранға шығаруға неге тыйым салынды?» - Шынтуайтында, бұл тыйым мәдениет саласының шолақ белсенділері тарапынан шықты ма, жоқ әлде ресейлік шоу-бизнеске бақылау жасайтын Игорь Крутой мен Алла Пугачева сияқты примадонналар жақтан шықты ма – ол жағын кесіп айту қиын. Қалай болғанда да, ел ішін алалау, өнерге саясатты араластыру немесе шоу-бизнесті әлдекімдердің меншіктенуі – біздің елде де қылаң берген үрейлі үрдіс болды.
«“Барахолкадағы” ӨРТ қайдан шықты?» - Осынша зардап әкелген осы алапат өртке сырттай куә болған қоғам ғана емес, базардың бүгінгі жұмыссыз қалған саудагерлері де «өрт қолдан жасалды» деген пікірде. «Себебі, ресми ақпаратта айтылғандай, өрт тауар қоймаларынан басталған жоқ. Өрт шатырдың бірнеше жерінен және бірден басталды, – дейді өздерінің аты-жөнін айтудан бас тартқан зардап шегуші саудагерлердің бірі.
«Рысбек көкемнің реніші» - 2013 жылдың басынан бері бізде уақытша тіркелген қытайлықтардың саны 38 мыңға жетті. Қазірдің өзінде заң бұзған келімсектердің саны 2 мыңға жуық, олардың қылмыс жасаған 22-сі кері қайтарылды.
ZHEBE.COM «Күрд террористері түркия билігін алдамақ болды, бірақ...» - Күрд террористері Түркия билігіне өкпелі. Қарулы топтар ел аумағынан шыға бастағанымен Түркия үкіметі Күрдістан жұмысшы партиясының талаптарының бірде-біреуін орындамаған көрінеді.
«Еуразпол ерегіскенде есеп айырысатын құралға айналмаса етті» - Қош, сонымен Кедендік одақ аясында құрылғалы отырған Еуразиялық полиция елімізге қаншалықты пайдалы немесе зиян? Онсыз да еліміз полиция санының көптігі жөнінен әлемде бесінші орында екен.
ANATILI.KZ. «Шенеунікті зиялы дей аламыз ба?» - Шенеунік зиялы болуы үшін әуелі ұлтжанды болуы тиіс. Өз елінің төл руханиятына, мәдениетіне, тіліне, өнеріне, салт-дәстүр, әдет-ғұрпына үлкен құрметпен қарап, насихаттай білетін шенеунікті ғана зиялы деу ләзім.
«Сириядағы дау-жанжал неге өршіп тұр?» - Осыдан шамамен 3 жыл бұрын Тунисте жергілікті кәсіпкердің өзін-өзі өртеумен басталған Таяу Шығыстағы дағдарыс әлі күнге дейін аяқаталар емес.
ZHASALASH.KZ. «Алматыда алма бар... бiрақ игiлiгiн ел көрмейдi» - Жер бетiндегi алма бiткеннiң бәрi қазақ жерiнен тарағанын бүгiнде бүкiл әлем мойындап болды. Алма ДНК-сына жүргiзiлген жоғары технологиялық сараптама осыны көрсеттi.
AIKYN.KZ «Неше жаста тұрмыс құрған жөн?» - Қолда бар дерекке жүгінсек, әрбір 20-қазақстандық қыз бала 16-19 жаста заңды некеге тұрып үлгереді екен. Тек Алматы өңірінде ғана балиғатқа толмай-ақ күйеуге шыққан қыздардың саны жүз мыңға жетіп жығылатын көрінеді. Халқы тығыз тұратын, ауылдық жерлері көп өңірлерде бұл көрсеткіш бұдан асып түспесе, кем түспейді. Былтырғы жылғы дерек бойынша жасөспірімдер некесі Ақмола, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ең көп тіркелген.
«Атақтан бас тартқан адамдар» - Адам баласының табиғаты, мінез-құлқы әртүрлі. Мәселен, біреу мадаққа құмартып, бар күш-жігерін атын шығаруға жұмсаса, енді бірі атақ-даңққа мүлде құштар емес.
«Сайттардың саны көп. Бірақ...» - Қазіргі таңда қазақ тіліндегі сайттардың саны көбейіп жатқанымен, ғаламторды мемлекеттік тілде пайдаланудың түйінді мәселелері шешілмей тұр.