Атырау, 5 желтоқсан 07:15
 ашықВ Атырау +1
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда мұғалім алтыншы сынып оқушысына қол көтерді

480 рет қаралды

Зейнолла Қабдолов атындағы №40 орта мектепте мұғалім сабақ кезінде баланы ұрып жіберген.

Оқиғадан кейін баланы дәрігерлер қарады.

Оқушының анасы Әйгерім Болатқалидің айтуынша, оның 6 "Д" сыныбында оқитын ұлы Айбат Әли құлағым ауырып тұр деп, кезекші мұғалім Әсет Әнуарбекұлы шапалақпен тартып жібергенін айтқан. Оның сөзінше, педагог бақылау жұмысы кезінде кабинетке кіріп, партадағы көршісіне бұрылып қараған баланы ұрып жіберген. 

- Ұлымның құлағы қызарып, ауырғаны бірнеше сағат бойы басылмады. Кейін мұғалім "тыныш отырмағаны үшін аздап қана шапалақпен ұрдым" деді, - дейді анасы.

Дәрігерлер бала жарақат алды деп тіркеді. Ата-анасы полицияға арызданып, ҚР ҚК 140-бабы ("Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау, қатыгездік таныту") бойынша арыз түсірді.

- Мұғалім ірі денелі, бала қорқып қалды және шапалақтан кейін басын бұра алмады. Егер педагог өз эмоциясын тежей алмаса, оған психолог керек, - деп санайды Әйгерім Болатқали.

Қалалық білім бөлімінің жауабы күтілуде.

Айгүл МАНСУРОВА

23 қазан, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.