Атырау, 5 желтоқсан 07:29
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырау облысында жолшылар жолды қысқы мезгілге дайындауға кірісті

Бейнежазба
420 рет қаралды

Облыстық жол қызметі филиалы трассаларды қысқы күтіп ұстау бойынша маусымдық жұмыстарды бастады. Аймақтық және республикалық маңызы бар учаскелерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, тайғаққа қарсы қолданылатын материалдармен алдын ала өңдеу жұмыстары қолға алынды. 

Филиалда ауа райының өзгеруіне жедел әрекет ету үшін жылжымалы бригадалар құрылғанын, тазартуға және себуге арналған техника дайындалғанын, құм-тұз қоспасының қоры жасалғанын хабарлады. Коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметтерімен жұмысты үйлестіру үшін диспетчерлер мен жедел байланыс қызметтерінің кезекшілік кестелері енгізілді.

Жүргізушілерге көліктерін қысқы дөңгелекке алдын ала ауыстыруға, жылдамдық режимін, қашықтықты сақтауға және қар жауып, көктайғақ болған кезде жол нашар көрінуі мүмкін екенін ескеруге кеңес беріледі. Қиын учаскелер мен қар құрсауына түсіп қалған жағдайлар болса филиалдың жедел желісіне немесе 112 арқылы хабарлауды сұрайды.


21 қазан, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.