
Атырау - Астрахань жолының бойында, Сарыөзек ықшамауданының маңында жолшылар ескі жолды қырып тастады, бірақ жаңа асфальт төселген жоқ. Ауылға кіреберіс жолда көліктер қиыршық тастардың үстімен жүруге қиналса, жаяу жүргіншілерге арналған жол бұрыннан жоқ.
«Жолдың бетін алып тастады, бәрін қазып тастаған, биыл жолды төсеуге үлгермейміз деді. Ал күзде жаңбыр басталады - сонда тіпті жүріп өту мүмкін болмайды», - дейді тұрғындар.
Ауыл тұрғындары бір айдан бері әкімдікке жүгініп, мердігерден жолды уақытша болса да жүруге ыңғайлап, жұмыстың нақты аяқталу мерзімін атауды талап етіп отыр.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау +3