Атырау, 17 қараша 18:24
 ашықВ Атырау +3
$ 522.19
€ 606.42
₽ 6.47

Атырауда «Сенің бастамаң» әлеуметтік бастамалар байқауының жеңімпаздары марапатталды

Сурет
463 рет қаралды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Облыстық Ішкі саясат басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде 18-35 жас аралығындағы жастарға арналған «Сенің бастамаң» гранттық жобасы өз мәресіне жетті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Биылғы байқауға 60-қа жуық жоба ұсынылды. Соның ішінде 42-сі іріктеу кезеңінен өтіп, қорытынды кезеңде комиссия алдында өз бастамаларын қорғауға мүмкіндік алды. Қорытынды отырысқа 38 қатысушының жобасы ұсынылып, олардың ішінен 10 үздік жоба жеңімпаз деп танылды. Әлеуметтік бағыттағы ең жақсы жобалардың авторлары 500 мың теңгелік сертификаттармен марапатталды.

– Осындай жобалар жастардың белсенділігін арттырып, олардың қоғам өміріне араласуына жол ашады. Алдағы уақытта да жастардың әлеуметтік бастамаларын қолдауға бағытталған жаңа жобалар жалғасын табады, – деді Жастар ресурстық орталығының басшысы Мансия Сағидоллаева.

Іс-шара соңында қатысушылар өз жобаларының өңір жастарының дамуына үлес қосатынын атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

17 қазан, 21:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.