Атырау, 19 желтоқсан 22:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Атырауда полиция балығын тастап қашқан балықшыларды іздеп жатыр

403 рет қаралды
Тәркіленген 225 кг көксерке балығы

Жайық өзені бойында жүргізілген рейд кезінде заң талабын бұзғандарды қуатын мүмкіндік болмады6 алайда олжа да аз болған жоқ. Инспекторлар жағадан көксерке толы қайық пен браконьерлік ауларды тапты, ал балықшылардың өзі жасырынып үлгерген. 

14-інші қазан күні Жайық-Каспий облысаралық бассейн инспекциясы балық шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері Атырау, Дамбы, Теңіз балық инспекциясы бөлімдерімен бірлесіп кезекті балық қорғау рейдтік шарасын өткізді. Заңсыз балық аулау дерегін анықтау мақсатында Жайық өзені Жұмыскер елді-мекенінен бастап, Дамбы ауылы тұсына дейін, Қарт жайық бойымен, Еркінқала ауылы аймағы тексерілді.  

Инспекцияның ресми өкілі Олег Тушкановтың хабарлауы бойынша, рейд нәтижесінде судан 105-дана ау құралы шығарылып, 7-дана қолдан жасалған қайық тәркіленді. Осы ау құралдарынан иесіз қалғанг 225 кг қара балық алынды. Барлық дерек бойынша 11 әкімшілік хаттама толтырылды. 

Еркінқала маңында инспекторлар ішінде 150 келідей көксерке және ау құралы болған қолдан жасалған қайықты тауып алды. Қызметкерлер жеткенше екі адам бой тасалап үлгерді. Оқиға орнына полицияның жедел әрекет ету тобы шақырылды, қазір қашып үлгерген азаматтар іздестіріліп жатыр. 

Алма ҚАЛУСАРИЕВА

16 қазан, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.