Атырау, 5 желтоқсан 13:12
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Каспий мен Жайық жағалауынан 12 тонна қоқыс шығарылды

410 рет қаралды
Сурет: АЖ архивінен

11 қазанда Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері еріктілермен бірге республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында ауқымды тазалық жұмысын атқарды. 

Акцияға 300-ден аса адам атсалысты - облыстық экология департаменті, Қайыршақты ауылдық округі әкімдігі және экологияға жанашыр белсенді тұрғындар қатысты. Қатысушылар Каспий теңізінің жағалауында және Жайық өзенінің бойында  демалыс орындарын және көпшілік жиі баратын табиғи аймақтарды тазартуға жұмылды.

Инспекцияның бас маманы Әсел Ищанованың айтуынша, бір күнде 12 тоннадан астам қоқыс жиналып, арнайы қоқыс орындарына тапсырылды.

"Біз жағалауларды жай ғана тазалап қоймай, адамдарға табиғатты аялау керек екенін еске салғымыз келді. Мұндай акциялар алда да өткізіліп тұрады", - деді ол.

Ведомство өкілдері атап өткендей, мұндай іс-шаралар еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға, әрі тұрғындардың жауапкершілігін арттыруға зор үлес қосады. 

16 қазан, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.