Атырау, 19 желтоқсан 22:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

​Атырау облыстық жедел жәрдем станциясына жаңа директор тағайындалды

1 060 рет қаралды
Сурет: Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен Орынбасарұлы Айбек Атырау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының директоры лауазымына тағайындалды.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, Айбек Орынбасарұлы — денсаулық сақтау саласында 13 жылдан астам тәжірибесі бар білікті басшы. Ол еңбек жолын 2012 жылы Атырау облыстық балалар ауруханасында дәрігер-статистик болып бастап, кейін ұйымдастыру-әдістемелік бөлім басшысы және директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

2018 жылдан 2023 жылға дейін Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының Атырау облысындағы филиалын басқарды, ал 2023 жылдан бастап «С.Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтау деректер орталығының» Атырау облыстық филиалының директоры қызметін атқарды.

Ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасымен» және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

«Жаңа қызметінде Айбек Орынбасарұлы жедел медициналық көмек сапасын арттыруға, заманауи технологияларды енгізуге және саладағы тиімді басқару жүйесін дамытуға бағытталған жұмыстарды жалғастырмақ», - делінген хабарламада. 

15 қазан, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.