Атырау, 5 желтоқсан 13:11
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда инвестиция тарту қарқыны баяу – Олжас Бектенов әкімдерге тапсырма берді

417 рет қаралды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өңірдің негізгі салаларында өсу қарқынын арттыру, халықтың табысын көтеру және инвестицияларды тарту мәселелері қаралды. Жиында Абай, Ұлытау және Атырау облыстарының әкімдері тыңдалды.

Атырау облысында биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң динамика байқалды. 

Облыс әкімі мен салалық министрліктердің баяндамасына сәйкес, өнеркәсіп, құрылыс, сауда және көлік салаларында өсім байқалды. Сонымен қатар, Атырау мұнай-газ секторының тұрақты дамуы ерекше аталды. Үкімет өңдеу өнеркәсібін дамытуға баса мән беріп, отандық өнім өндіруді арттыру және ішкі нарықты қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейтуді тапсырды.

Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес, өңірде барлық инфрақұрылымдық жобалар уақытында іске асырылуы, тұрақты жұмыс орындарын құру және инвестициялық жобаларды қолдау басты назарда болады. Ауыл шаруашылығы саласында да егіс көлемін әртараптандыру және өнімді сақтау жүйелері пысықталуда.

Олжас Бектенов Атырау облысына экономиканы әртараптандыру, инвестицияларды арттыру және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бойынша барлық қажетті іс-шараларды белсенді жүзеге асыруды тапсырды.

14 қазан, 18:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.