Атырау, 5 желтоқсан 13:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атыраудан шыққан түтін Ақтауға жетті

477 рет қаралды
Сурет: lada.kz

Түнде Ақтауды түтін басты, күйік иісі бүкіл қалаға сезілді, деп жазады Лада.

Тұрғындар таңертеңнен бастап барлық ықшамауданға тараған күйік иісіне шағымданды.

ТЖД Маңғыстауда өрт жоқ екенін хабарлады. Ал экологтар түтін Атырау облысынан келгенін түсіндірді.

7 қазаннан бастап ащы күйік иісі Атырауды басты. Ол кезде түтіннің көзі Атыраудан Каспий теңізіне қарай шамамен 20 шақырым жерде орналасқан "Сасықсай" булану алаңының жанындағы өрт екені хабарланған болатын. Атырау ТЖД мәліметтері бойынша, өрт аумағы 60 гектарға жетті, ошақтардың бір бөлігі әлі күнге дейін бықсып жатыр.

14 қазан, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.