Атырау, 5 желтоқсан 08:00
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

NCOC компаниясының басқарушы директорының орынбасары тағайындалды

287 рет қаралды
Жандос Оразалиев

2025 жылдың 13 қазанынан бастап Жандос Оразалиев NCOC компаниясының басқарушы директорының орынбасары болып тағайындалғанын хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. 

Жандос Оразалиевтың корпоративтік стратегиялар әзірлеу, келісімшарттарды басқару, бюджеттендіру және жоғары деңгейде келіссөздер жүргізу саласында Қазақстанда және шет елдерде 20 жылға жуық жинақтаған еңбек тәжірибесі бар. Оның қарқынды мәдениаралық кәсіпорындарды басқару және негізгі серіктестіктерді дамыту, тәуекелдерді басқару және жұртшылықпен байланыс бойынша тәжірибесі мол.

Бұрын ол басқарушы лауазымдарда, соның ішінде Samruk Kazyna Ondeu және Kazakh Invest кәсіпорындарында басқарушы директор, Қазақстандағы Borkit OilTech және Hydratight Limited компанияларында бас директор лауазымдарында, сонымен қатар Lloyd's Register ұйымының Қазақстандағы, Әзірбайжандағы, Ұлыбритания мен БАӘ-де басқарушы лауазымдарында еңбек еткен.

Жандос Роберт Гордон университетінің (Ұлыбритания) бизнес саласындағы дипломының және Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық қатынастар бойынша дипломының иегері.

13 қазан, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.