Атырау, 5 желтоқсан 14:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Гкал үшін 8 мыңнан 13 мыңға дейін: Атырауда жылуға қатысты жаңа тариф талқыланды

351 рет қаралды

Атырау облысының Табиғи монополияларды реттеу департаменті "Атырау жылуэлектрорталығы" ЖШС-нің 2026-2030 жылдарға арналған жылу энергиясын өндіруге қатысты тариф жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізді.

Отырысқа мемлекеттік органдардың өкілдері, мәслихат депутаттары, БАҚ және тұтынушылар қатысты. Іс-шара офлайн және онлайн форматта өтті.

2026-2030 жылдарға арналған тариф жобасына сәйкес (ҚҚС-сыз) жылу энергиясының құны мынадай мөлшерде белгіленуі жоспарланып отыр:

  • 2026 жыл — 8 314,93 теңге/Гкал;
  • 2027 жыл — 10 148,43 теңге/Гкал (+22%);
  • 2028 жыл — 11 624,64 теңге/Гкал (+14,6%);
  • 2029 жыл — 12 342,84 теңге/Гкал (+6,2%);
  • 2030 жыл — 13 192,26 теңге/Гкал (+6,9%).

"Атырау жылуэлектрорталығы" ЖШС-нің бас директоры Мақсот Әленовтың айтуынша, тарифтің өсуі табиғи газдың қымбаттауына, жабдықтардың тозуына және құны 5,8 млрд теңге болатын инвестициялық бағдарламаны іске асыру қажеттілігіне байланысты.

7 қазан, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.