Атырау, 5 желтоқсан 15:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Энергетика министрлігі АМӨЗ-дің неліктен​ солтүстікке жазғы дизель жөнелткенін түсіндірді

351 рет қаралды
Көрнекі сурет

Қостанай және Ақмола облыстарында техникалар АМӨЗ дизелінің кесірінен істен шыққан. Энергетика министрлігі түсіндіргендей, 1 қазанға дейін зауыт жоспар бойынша жазғы дизель шығарған. Ал бұл уақытта солтүстікте кей жерлерде қар жауып, аяз болған.

Механизаторлардың айтуынша, +8°С температурада тракторлар сөніп қалады, сүзгілер парафинмен бітеліп, дизельді жылытуға тура келеді.

«Біреулер осы дизельдің мүддесін көздеген сияқты. Қазір үш шақырымды екі сағатта жүріп жатырмыз. Қаскүнемдік секілді», — дейді жүргізушілердің бірі, оның сөздерін Agroblog.kz таратты.

Ақмола облысында да осындай жағдай қайталанған. Ауылшаруашылығы мамандары 1 литріне 254 теңге болатын «кепілдендірілген» дизель күзге жарамсыз екенін айтып, техника тоқтап, жөндеу шығындары артты дейді.

Энергетика министрлігі жағдай бақылауда екенін жеткізді. 1 қазанға дейін барлық үш мұнай өңдеу зауыты, оның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауыты да жазғы дизель шығарған.

Қазан айының басынан бастап Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары −5 °C дейінгі сүзгілеу температурасына сай маусымаралық отынға көшті. Ал Атырау мұнай өңдеу зауыты жоспарлы жұмыстар аяқталған соң, 25 қазаннан бастап −15 °C дейінгі және одан төменгі температураға арналған қысқы дизель шығаруды бастайды.

Министрлік зауыт өнімдері техникалық талаптарға сай екенін атап өтті. Солтүстік өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, қысқы отынға өту мерзімдері қайта қаралуы мүмкін деп мәлімдеді.

Павлодар және Шымкент зауыттары жеңіл аязға арналған өтпелі отынға көшкен. Ал Атырау зауыты жазғы дизельде қалды, себебі жоспарлы жұмыстар жүріп жатыр.

Ұқсас жағдай 2021 жылы да болған, сол кезде Атырау мұнай өңдеу зауытында профилактикалық жұмыстар жүргізілген еді. Сол уақытта солтүстік өңірлерге де минус температурада жазғы дизель жеткізілді. Фермерлер бұл жағдайға наразылық білдіріп, техника жұмыс істемей қалғанын айтқан, бірақ ресми түрде бәрі стандартқа сәйкес деп танылған.

Осы оқиғадан кейін «ҚазМұнайГаз» отынның сапасын тексерді. Ешқандай бұзушылық табылмады. Жазғы дизель жазғы талаптарға сәйкес болып шықты.

Әрине, жаз мезгілінде біздің дизельде ешқандай проблема жоқ. Тек қазан айы –  жаз емес, күз мезгілі.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

6 қазан, 18:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.