
"Өркен-2" ықшамауданында бірнеше шаруашылық үй құстарынан көз жазып қалды. Тұрғындар алаңдап отыр.
Куәгерлердің айтуынша, жыртқыш жануар қораға түнде кіріп кетеді. Тұрғындар оны жасаған бұралқы иттер немесе ышқамауданның шет жағында жиі байқалатын дала қарсақтары болуы мүмкін деп болжайды.
- Жабайы жануарлар үй шаруашылығы үшін ғана емес, адамдар үшін де қауіп төндіруі мүмкін. Үй құстарына қатысты айтсақ, бұл бірінші рет болып тұрған жағдай емес, - дейді өркендіктер.
Тұрғындар жауапты қызмет өкілдерінен аулаларға қандай жануар шабуыл жасайтынын анықтап, оларды аулап немесе қауіпті жою бойынша шаралар қабылдауды талап етеді.
Айгүл МАНСУРОВА
Тұрғындар түсірген сурет
В Атырау +3